Демалыста жүрген полицей өртеніп жатқан пәтерден 5 баланы алып шықты
Полиция қызметкері бес баланы аман-есен қауіпсіз жерге шығарды.
Қарағандыда еңбек демалысында жүрген тәртіп сақшысы ерлік көрсетіп, өртеніп жатқан пәтердегі 5 баланы құтқарған.
Үйіне қайтып бара жатқан Патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Дінмұхамет Сұлтан көпқабатты үйдің 8-қабатынан будақтаған қою түтінді байқайды.
Сол кезде жоғары қабатқа жүгіріп барған тәртіп сақшысы қою түтінге толған пәтерге кіріп, ішінде қалып қойған бес баланы аман-есен қауіпсіз жерге шығарған.
Балалардың өміріне қауіп жоқ екеніне көз жеткізген соң, ол пәтерге қайта оралып, электр қуатын ажыратқан. Содан соң екі көршісімен бірге өрт сөндірушілер келгенге дейін асүйдегі өртті сөндірген. Ержүрек полицейдің бұл әрекеті туралы құтқарылған отбасының көршісі хабарлап, шынайы алғысын білдірді, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда полиция қызметкерлері 10-қабаттың терезе жақтауында тұрған баланы құтқарды.
Тағы оқи отырыңыз:
Жезқазғанда құтқарушылар өрт ішінен ер адамды алып шықты
Астанада Есіл өзеніне секірген әйел құтқарылды
Алакөлде жағадан 11 шақырым қашықтықта қалған алты адам құтқарылды