Демалыс күндері Қазақстанда күн райы бұзылады
Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы нашарлайды.
14-16 ақпан аралығында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Жалпы республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман болжанады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 14 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде антициклон сілемінің ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
15 ақпаннан бастап елдің батысына солтүстік-батыс циклоны ығыса бастайды. Ол шығысқа қарай жылжып, жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп көтерілуін әкеледі.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бүкіл кезең бойы тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне орай аралас жауын-шашын, ал 14 және 15 ақпанда мол жаңбыр мен қар күтіледі.
Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 13 ақпанда боран, көктайғақ және аяз болатыны хабарланды.
Сондай-ақ, синоптиктер ақпан айында күн қандай болатыны туралы болжамды жаңартқан еді.