«Дельта» штамм несімен қауіпті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемді дүрліктерген коронавирус індетінің соңғы кездері жаңа түрі – «Дельта» штамның таралып жатқаны белгілі. Осыған қатысты жоғары санатты білікті дәрігер-фтизиатр Анна Цепке пікірімен бөлісті.

Фтизиатрдың айтуынша, бұл штамм қысқа инкубациялық кезеңімен ерекшеленеді және өзіне тән симптомдары бар. 

Адам індетті жұқтырған соң 7 күн ішінде клиникалық симптомдары айтарлықтай жылдам дамып, ауыр формаға ауысып кетуі мүмкін. Клиникалық симптомдар тұрғысында мынаған мән берген жөн: негізгі белгілер ЖРВИ-ге ұқсауы мүмкін. Яғни тамақ ауырып, мұрын бітеліп, бас ауырады. Алайда коронавирустың белгісі деп жүрген иіс сезудің жоғалуы аз байқалады, - дейді дәрігер.


Сондай-ақ «дельта» штамм кезіндегі респираторлық симптомдар қатарына іштің ауырсынуы, диарея, жүрек айну мен құсу, буындардың ауруын жатқызуға болады. Сарапшылар есту қабілеті нашарлап, аяқ-қолда тромбоз болу ықтималдылығын жоққа шығармайды.

Анна Цепке жедел респираторлық инфекцияға ұқсас белгілер болған кезде бірден әрекетке көшуге кеңес береді. Толықтай оқшауланып, тексерістен өтіп, ПТР-сынама тапсырып, әрі қарай дәрігердің ем-домын қабылдау керектігін алға тартты.

Қазір «дельта» штамм бүкіл әлемде басымдыққа ие. Тіпті медициналық қауымдастықтың өзі қатты алаңдауда. Өйткені вирус тез жұғыда, контагиоздылығы өте жоғары. Егер коронавирустың алдыңғы штамдарында 1 мен 4 адамға дейін жұқса, бұл штамм 7 адамға дейін жұқпалы, - деп атап өтті фтизиатр-дәрігер.

Ол барлық азаматтарға сақтық шараларын, маска тағу режимін сақтап, вакцина салдыруды ұсынып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы