Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды
Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Өмірбаяны
Авиация генерал-лейтенанты (05.06.2024)
Үшаралдағы истребительдік полкта қызмет атқарған
Талдықорғанда «Су-27» эскадрильясының командирі
Қарағанды авиация базасының штаб бастығы
Шымкент авиация базасының командирі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы (05.07.2013–09.2019)
Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының директоры (10.2019–29.12.2022)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы (29.12.2022–30.09.2024)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары — Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы (30.09.2024–08.06.2025)
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (08.06.2025 бастап)
Білімі
Армавир жоғары әскери ұшқыштар авиациялық училищесі (1990)
Ю.А. Гагарин атындағы Әуе күштері әскери академиясы (2005)
Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясы (2013)
Марапаттары
«Айбын» ордені II дәрежесі
Медальдары: «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» I, II және III дәрежелері, мерейтойлық медальдар – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің 20 жылдығы», «Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы», естелік медаль – «Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов» (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі).