Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды.

 

Дәурен Абаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2001), Лейден университетін (2006) тәмамдаған.

2001-2003 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы;

2003 жылы – Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінде үшінші хатшы; 

2003-2007 жылы – Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы істеріне сенімді уәкіл, екінші хатшы; 

2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы; 

2007-2008 жылдары – сарапшы, ҚР президенті хаттамаларының консультанты; 

2008-2009 жылдары – ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары; 

2009-2011 жылдары – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 

2011 жылы – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы; 

2013 жылы ҚР президентінің кеңесшісі; 

2016 жылы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды. 

2019 жылдың 25 ақпанында Елбасының Жарлығымен қайта құрылған Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

2020 жылдың 4 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» кітабының соавторы (2010).

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы