Дәрігерлер бауырлары ортақ сиам егіздерін ажырату отасын жасады

Өзбекстандық дәрігерлер сиам егіздерін ажырату операциясын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, кішкентай пациенттер Қырғызстанның Ош қаласынан барған. 

Сәбилер 2022 жылы мамыр айында дүниеге келген. Балалардың денсаулығындағы кінәрат анасы жүктіліктің 28 аптасында болғанда анықталған. 29 аптада сәбилерді ол кесарь тілігінің көмегімен дүниеге әкелген. Балақайлар 1600 грамм болып туылған, - делінген ведомство ақпаратында. 

Отаны өзбекстандық білікті хирургтар жасады. Егіздердің бауыры ортақ болған, яғни құрсақ қуысы арқылы қосылған.  

Операция кезінде бауыр мен өзге де тамырлардан қан кетудің алдын алу үшін ультрадыбыс мен аргондық қандауыр пышақ, bloodstop деп аталатын гемостаздық заманауи материал қолданылды. Бақытқа орай, балалардың өт қабы бөлек болғандықтан, ота сәтті өтті. Екі денені ажыратқан соң өт қабы өз жұмысын орындауын жалғастырды,  - дейді дәрігерлер.

Мамандар сәбилердің жағдайын тұрақты деп бағалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Газета. uz
Өзгелердің жаңалығы