Данияр Елеусіновтің ұсталу сәтіндегі видео пайда болды
Полиция Олимпиада чемпионы ұсталған кездегә видеоны жариялады.
Астана қаласының Полиция департаменті бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталу сәтінен кадрлар жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарияланған видеода спортшыны ұстау сәті, оның медициналық куәландырудан өтуі, сондай-ақ сот отырысы бейнеленген.
Полицияның мәлімдеуінше, Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан кейін апат болған жерден кетіп қалған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оның жүрген жері анықталып, ер адам ұсталды.
Елеусіновке қатысты көлік құралдарының зақымдалуына әкеп соққан, мас күйінде көлік басқару, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу фактілері бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.
Еске салайық, бұған дейін Данияр Елеусіновтің Астанадағы үш жол-көлік оқиғасынан кейін қамауға алынғаны хабарланды.