28 Тамыз 2026, 15:21 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Дәдебай Құрылтайдың алдында тұрған міндетті атады

Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай сенім білдіргені үшін Президентке, ал әріптестеріне қолдағаны үшін алғысын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маған зор сенім артып, менің кандидатурамды ҚР Құрылтайының төрағасы лауазымына ұсынған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін. Құрылтайдың барша депутаттарына да қолдағандары үшін рахмет айтамын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі тарихи жауапкершілік, - деді Дәдебай.

Ол атап өткендей, Президент бүгін Құрылтайдың алдағы жұмыс бағыты мен нақты міндеттерді айқындап берді.

Елімізде жүзеге асып жатқан реформалар бізден байыпты шешімдер және қажырлы еңбекті талап етеді. Сонымен қатар әр заңның, әр шешімнің артында нақты мақсат тұр. Ол еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттігімізді нығайтып, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру. Бұл жұмыстың негізінде халқымыз жаппай қолдаған жаңа Конституцияның құндылықтары мен қағидаттары жатуға тиіс. Басты мәндет – оң өзгерістер нәтижесі, халықтың күнделікті өмірінен көрініс табатын заң мен тәртіп орныққан Әділетті Қазақстанды бірге құру ісін жалғастыру. Бұл ретте Құрылтайға артылар жүк пен жауапкершілік салмақты екенін жақсы білесіздер. Біз халықтың жоғары сенім мандатына ие болдық. Сол сенім жұмысымыздың басты бағдарына және оның нәтижесінің негізгі өлшеміне айналуға тиіс, - деді Дәдебай.

Оның сөзінше, Құрылтай еліміздің одан әрі жаңғыруына тың серпін беретін, конструктивті қоғамдық диалогқа жол ашып, жаңа заманның сын-қатерлеріне лайықты жауап ұсынатын мінберге айналуы тиіс.

Осы тұрғыда біз жұдырықтай жұмылып, алда тұрған міндеттерді абыроймен атқаруға бар күш-жігерімізді салуға тиіспіз. Алда қыруар бізді жұмыс күтіп тұр. Осы жауапты жолды бірге еңсереміз деп кәміл сенемін, - деді ол.

Бұған дейін Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды.

Одан кейін Дәдебайдың үш орынбасары белгілі болды