Цой вакцинадан кейін өзін қалай сезінетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 26 сәуір күні «QazVac» қазақстандық вакцинасын салдырған еді. Бүгін ол вакцинадан кейінгі бірінші күндегі әсерімен бөлісті.
Вакцинациядан кейінгі бірінші күн. Қазіргі жағдайым жақсы. Тек кеше кешке екпе салған жерде кішкене аурушаңдық байқалды, бірақ таңертең кетті. Барлығына денсаулық тілей отыра, вакцинациялануға шақырамыз. Өзіміз бен жақындарымызды қорғайық, - деп жазды Алексей Цой.
Айта кетейік, елімізде отандық «QazVac» вакцинасын салдыру ресми түрде басталды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдыру үшін қалалық №9 емханаға барды. Министрдің вакцина салдыру процесі тікелей эфирде көрсетілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат төрағасы коронавирус жұқтырды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы