COVID-19: Қазақстан екінші толқынға қаншалықты дайын?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингі кезінде пандемияның екінші толқынына қатысты ойымен бөлісті.
Бұл мәселеге қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы басшыларының баспасөз конференциясы болды және ғалымдардың бірқатары пандемияның екінші толқынының болу мүмкіндігі мен қаупі туралы айтып жатыр. Жер-жерде толқын жүріп те жатыр. Қазақстанда да бірінші толқын сәуір айының екінші жартысында болды. Мамыр айының ортасында өсім қайта байқалды, мұны қазір Қазақстанда екінші толқын өтіп жатыр деуге болады. Бірақ, сарапшылар бүкіл әлем бойынша маңызды толқын болуы мүмкін екендігі туралы айтуда. Егер Уханьды алар болсақ, барлығы қалай басталды, қазір бірте-бірте әлем бойынша төмендеу жүріп жатыр. Осыдан сақтану керек, – деді ол.Министрдің айтуынша, қазан айында басталатын кезекті маусымдық тұмау мен жіті вирустық инфекция індетіне байланысты екінші толқын көтерілуі мүмкін.
Біз сондай-ақ дәстүрлі вирустық агенттерден басқа, осы кезеңде басқа вирустың, коронавирустың таралуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Біз бұл жағдайда қаншалықты дайынбыз? Бұл оңай емес, себебі, дайындық инфрақұрылымды күшейту дегенді білдіреді. Іс жүзінде ауруханалар құрылысын бастап, жеке қорғану құралдарын өндіруді кеңінен қолдану шараларын жасаймыз. Біз медициналық қызметтерді, бірінші кезекте санитарлық қызметтер мен инфекцияға қарсы медициналық қызметті, оның ішінде госпитальдар мен карантиндік орталықтарды ашу мүмкіндігін күшейту және нығайту бойынша арнайы жоспар әзірледік, оны Үкімет бекітті, – деді Біртанов.Министр бүгінде карантиндік орталықтар біртіндеп қысқартылып жатқанын айтты.
Қазіргі таңда көптеген қонақүй дәстүрлі қызметіне қайта оралды, вирусы бар науқастарға арналған көптеген провизорлық ауруханалар өздерінің күнделікті жұмысына кірісті. Жұқпалы ауруханалардың жүктемесі де қалыпқа түсті. Бұл толқынды біз жеңдік, бірақ, бұл өте ақуіпті эпидемия. Өкінішке қарай, көптеген елдерде пандемия салдарынан өлім-жітім деңгейі жоғары болды. Жағымсыз сценарийді жоққа шығаруға болмайды. Барлығымыз мұқият болуымыз керек. Біз үшін, бірінші кезекте, күзгі мезгілге қарқынды дайындалу қажеттілігі мен мүмкіндігі болып отыр, – деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Франция Каан фестивалінің бағдарламасын жариялады
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы