Былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі 4 млрд долларды құраған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өткен қазақ-түрік үкіметаралық комиссиясының ХІІ отырысы барысында Премьер-министр Әлихан Смайылов хабарлады.

Түркия – біздің маңызды стратегиялық әріптесіміз. Тамыры бір, тарихы ортақ, бауырлас ел. Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына биыл 30 жыл толып отыр. Сондықтан біздің кездесуіміздің екі ел үшін де маңызы  өте зор. Біз барлық салада стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне  қол жеткізді,  - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Оның айтуынша, қазіргідей күрделі кезеңде сауда-экономикалық байланыстарды әрі қарай дамытуға  ерекше мән берілген. 

2021 жылы екіжақты сауда көлемі 33%-ке өсіп, 4 млрд долларды құрады. Пандемия жағдайында  бұл –  өте жақсы нәтиже. Дегенмен,  мұнымен шектеліп қалуға болмайды. Екі елдің әлеуеті  бұдан да зор. Көп мәселе қазақ-түрік үкіметаралық комиссиясының  жұмысына да байланысты болады, - деді Әлихан Смайылов. 

Еске сала кетейік, бүгін астанада ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы