25 Ақпан 2026, 19:52
Фото: видеодан алынған кадр
Бурабайдағы электрошана апаты: Адам өлімінен кейін іс қозғалды
Оқиға бойынша бір мезгілде екі сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бурабайда қарда жүретін көлік – электрошананың қатысуымен болған жол көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бойынша бір мезгілде екі сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Біреуі – қарда жүретін көліктің жүргізушісіне қатысты абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша. Екіншісі – жалға берушіге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау, қызмет көрсету фактісі бойынша.
Жол-көлік оқиғасы 14 ақпанда Бурабай ауданында болды. Қарда жүретін көлік жоғары жылдамдықпен ағашқа соқтығысқан. Полицияның мәліметінше, 23 ақпанда апаттан жарақат алған 26 жастағы жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болған.
Тергеу жалғасуда, болған оқиғаның барлық жағдайы анықталады.
- Пошта арқылы есірткі тасымалдаған ер адам 16 жылға сотталды 00:27
- Жарты жылда қазақстандықтардан медициналық көмек сапасына 14 мыңнан астам шағым түсті 16.07.2026
- Астанада жол ережесін 87 рет бұзған жүргізуші 15 күнге қамауға алынды 16.07.2026
- Венгриядағы рейтингтік турнир: Едіге Қасымбек финалға шықты 16.07.2026
- "Қазгидромет" 17 шілдеде бірнеше өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады 16.07.2026
- Қазақстан құрамасы U19 Азия чемпионатын бес алтын медальмен аяқтады 16.07.2026
- "Бурабай", "Сығанақ" және "ТМД 35 жыл" монеталары жарық көреді 16.07.2026