Бүгін жеті қалада ауа ластанады

"Қазгидромет" бүгін Қазақстанның жеті қаласындай жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 3 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін ел аумағында +47 градусқа дейін күн ыситынын жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы