Ташкентте «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» конференциясы өтеді

Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы өтеді.

Өзбекстан Республикасының Президенті аймақтық байланысты күшейту бастамасын Ташкенттің жаңа ашық сыртқы саяси стратегиясы тұрғысында ұсынды. Бұл идея экономикалық, әлеуметтік және мәдени-өркениеттік өлшемдерде біздің өңірмен тарихи тығыз байланысты Оңтүстік Азияға шығумен Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған.


«Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» жобасы көліктік-логистикалық, энергетикалық, сауда, өндірістік, инвестициялық, технологиялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы «Орталық Азия-Оңтүстік Азия» өзара тиімді стратегиялық байланыс моделін жан-жақты талқылау үшін саяси және сараптама алаңын қалыптастыруға арналған.

Іс-шара ашылу салтанатынан, бір пленарлық мәжілістен, үш секциялық сессиядан және қорытынды бөлімнен тұрады. Конференцияға 40-тан астам елден және халықаралық ұйымдардан 250-ден астам қатысушы қатысады. Конференция жұмысы жайында 90-ға жуық журналист пен БАҚ өкілдері ақпарат таратады.

Конференцияның жұмысы «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс» тақырыбында пленарлық отырыстан басталады. Отырыс барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің үндеуі, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің, шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің, халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері баяндама оқиды. Сонымен қатар конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және басқа да делегаттар қатысады.

Еске сала кетейік, кеше Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері мен сарапшылардың қатысуымен Орталық Азия халықаралық институтының (IICA) ашылу рәсімі өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы