Бүгін екінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Бүгін Астана мектептерінің екінші ауысым оқушылары онлайн білім алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
2026 жылғы 10 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, метеорологтардың болжамы бойынша 10 ақпанда Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Елдің барлық аймағында жаңбыр мен қар жауып, сондай-ақ жел күшейеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Олимпиада-2026: Қазақстандық шаңғышы 55-орын алды
Өзгелердің жаңалығы