Бозымбаев вице-президент болуға қатысты сұраққа жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев вице-президент лауазымына тағайындалуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев вице-президент лауазымына тағайындалуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Парламент палаталарының бірлескен отырысының қорытындысына арналған баспасөз конференциясында журналистің сұрағына жауап берген вице-премьер мұндай амбициясы жоқ екенін айтты.
Генерал болғысы келмейтін сарбаз жаман дейді, бірақ менде онсыз да "генералдың" қызметі бар. Сондықтан маған бәрі жеткілікті. Негізгі мемлекеттік лауазымдарға тағайындау Президенттің құзырында және жаңа Парламентпен келісіліп жүзеге асырылады. Қалай болғанда да, қоғам мен сарапшылардың мұны талқылауы – қалыпты жағдай. Мен үш рет әкім болдым, әкімді тағайындағаннан кейін үш айдан соң оның орнына кім келетіні талқылана бастайды. Бұған мән бермеймін. Қазір өз жұмысыммен айналысып жүрмін, – деді Қанат Бозымбаев.
Қанат Бозымбаев бұған дейін Алатау әкімі болып тағайындалады деген қауесетке жауап берген еді.