Босанған әйелдер арасында психологиялық депрессия артқан

Алматы, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда босанғаннан кейінгі депрессия үлкен мәселеге айналып отыр. Алматы қаласы №36 Қалалық емхананың жоғары білікті санаттағы маманы, акушер-гинеколог дәрігер Айбарша Тажекова депрессияның белгілері мен одан емделу жайлы айтты.

Оның айтуынша, емханада тексерілетін және босанғаннан кейінгі психологиялық депрессия бірнеше мәртеге өскен. Статистикаға сәйкес, мұндай диагноз бұрын 30 адамның 1-еуінде ғана кездессе, қазір босанғаннан соң депрессия 10 әйелдің арасынан біреуінде кездеседі. 

Маман айтқандай, босанғаннан кейінгі депрессия аурушаңдыққа жатады. Бұл дегеніміз босанғаннан кейінгі физиологиялық асқыну, бірақ асқынған депрессия бәрібір күрделі аурушаңдық болып саналады және стационарда емделуге жатады.

Депрессияның бірден бір себебі үнемі ұйқының қанбауы, гормоналды өзгерістер, эмоциялық уайымға кетуі. Бұл жерде қазіргі замандағы алғаш босанған аналар жасының айтарлықтай өскенін айта кеткен жөн. Ал жас өткен сайын әйелдерді көптеген күдік пен толқыныс алаңдатады. Көбінесе олардың ана болу жауапкершілігін көтере алмайтыны және әрине де түрлі салдар себеп болмақ, - дейді дәрігер. 

Босанғаннан кейінгі депрессияның негізгі симптомдары: көңі-күйдің аяқ-асты түсіп кетуі, жылауық, ұйқысыздық, үнемі уайым және үрейлену, сәбиге жақындаудан қорқу, өзіне немесе сәбиге зиян келтіріп алам деген қорқыныш, ештеңеге қызықпау, ашу-ызаға түсу және үнемі күйгелекке түсу. 

Сондай-ақ ең негізгісі - бұл өзіне қол жұмсау немесе өлім туралы ойға кетуі екен. 

Мұндай жай-күймен қалай күресуге болады? №36 Қалалық емхананың психологы Азиза Хамит, ең алдымен босанғаннан кейінгі депрессияны емдеу және оның алдын алу тәсілдерін айтатын дәрігерге бару қажет деп кеңес береді. 

Егер әйелдегі депрессия денсаулығына зиян келтірсе, онда мұндай жағдайда, дәрілік препараттарды тұтыну керек. Әсіресе психиатр тағайындаған тыныштандырғыш дәрмектер. Сондай-ақ осымен бірге психотерапевтік емдеу жүргізіледі. Бұл проблемамен өзімен-өзі қалу дұрыс емес. Өйткені депрессия асқынып кетуі мүмкін. Босанғаннан кейінгі депрессия әйелдің және оның отбасының әлеуметтік мүддесіне қарасты емес. Онымен кәмелетке толмаған, білімі жоқ қорғалмаған осал топқа жататын және білімі бар жетістікке жеткен әйелдер де ауырады, - дейді психолог. 
Мамандардың айтуынша, депрессия босанғаннан кейін ғана емес, сондай-ақ жүкті болған кезде де туындайтын көрінеді. 

Ондай кезде біздің емханада отбасын жоспарлау кабинеті бар. Ол жерде біздің мамандар, ана болудан қорқу салдарынан депрессияның орын алмауы үшін болашақ аналармен босануға және одан әрі сәбиді күтуге дайындау сабақтарын береді. Сонымен қатар денсаулығы мықты сәбидің одан әрі даму кабинеті жұмыс істейді. Бұл жерде сәбидің дүниеге келуінің бірінші айынан бастап ата-аналары келіп, сәбиіне қатысты және өзіне де пайдалы ақпараттарды алуға, сәбидің эмоциялық-әлеуметтік дамуын ескере отырып, оны тәрбиелеу мәселесімен ата-аналарын кәсіби түрде дайындап үйрету дағдыларын жақсартуға болады, - дейді Айбарша Тажекова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы