«Болашақ ойындары – 2026»: Астанаға Халықаралық киберспорт федерациясының президенті келді
Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аясында елордаға келген Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Влад Маринескуді Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды.
Әуежайда құрметті мейманға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Влад Маринеску ұлттық ас мәзірінен дәм татып, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрімен танысты.
Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» спорт, технология және инновацияны тоғыстырған әлемдік деңгейдегі бірегей халықаралық жарыс болмақ.
Айта кетейік, халықаралық турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада 29 шілде күні «Болашақ ойындары-2026» халықаралық фиджитал-турнирі басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов Астананың спорттық және қалалық инфрақұрылымын үшінші халықаралық мультиспорттық турнирді өткізуге дайындау барысымен танысты.
Сондай-ақ, «Болашақ ойындары-2026» Астананы несімен таңғалдыратыны хабарланды.