«Болашақ ойындары – 2026»: Астанада Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды
Астанада жаңа буын спортын дамытуға арналған саммит басталды.
Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
«Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорт турнирі аясында өтіп жатқан Phygital Sports Summit Astana 2026 форумы басталды. Іс-шараның ашылуында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, фиджитал спорттың жаһандық спорт индустриясындағы орны мен оны дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Саммитке Біріккен Араб Әмірліктерінің спорт министрі Ахмед Бельхул Әл Фаласи, Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев, Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов, Әзербайжан Республикасының жастар және спорт министрі Фарид Гаибов, Беларусь Республикасының спорт министрі Сергей Ковальчук, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері, технологиялық компаниялар мен түрлі елдердің сарапшылары қатысып жатыр.
Саммит бағдарламасы аясында фиджитал спортты дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту, цифрлық технологиялар, инновациялар және спорт индустриясының болашағына арналған панельдік сессиялар өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Phygital Sports Summit Astana 2026 тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және фиджитал қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды халықаралық алаңға айналмақ.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылуында сөз сөйлейтіні хабарланды.
- Қазақстан шахмат Олимпиадасын екі ірі жеңіспен бастады 21:18
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арман Қырықбаев Тэджондағы генерал Хон Бом До мемориалына барды 20:58
- 3 млн теңге болатын асыл тұқымды жылқыны ұрлаған ер адам ұсталды 20:48
- Қазақстан-Корея серіктестігі жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады – сарапшылар пікірі 20:46
- FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады 20:30
- «Тыңдап тұрсың ба, мен тергеушімін»: Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған қыз анықталды 20:11
- Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жолаушылар паромын Каспий теңізіне қайта қосу жоспарлануда 19:59