Блогер Эльмира Төлегенова прокурормен процессуалдық келісім жасауға келісті
Блогер Эльмира Төлегенова өзін және жұбайын бас бостандығынан айырмауды сұрады
Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысы барысында айыпталушы Эльмира Толегенова сотқа өтініш білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз болған жағдай үшін толық жауапкершілікті сезінеміз. Өзіміз үшін үлкен қорытынды жасадық, бұл біз үшін өмірлік сабақ болды. Заңды бұзғанымызға қатты өкінеміз. Мені және жұбайымды бас бостандығымызды айырмай, басқа жаза тағайындауды сұраймын, – деді ол.
Сондай-ақ соңғы сәтте Толегенова прокурормен процессуалдық келісім жасасу ниеті бар екенін мәлімдеді.
Осыдан кейін сот отырысында үзіліс жарияланды.
Іс туралы не белгілі?
Еске салайық, бұл іс блогерлердің әлеуметтік желілер арқылы автокөлік, ақша және басқа да сыйлықтарды ойнатуымен байланысты.
Қатысу үшін қолданушылардан шамамен 30 мың теңге көлемінде “оқыту курстары” үшін төлем алынған. Осыдан кейін олар ұтыс ойындарына қатысуға мүмкіндік алған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушылар өздерінің танымалдылығы мен аудитория сенімін пайдаланып, ақылы өнімдер мен қызметтерге адамдарды тартқан.
Бұған дейін олардың қызметі лотереяны оператор мәртебесінсіз өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілік аясында қаралған. Қазіргі таңда іс сотта ашық режимде қаралып жатыр, куәгерлерден жауап алынып, материалдар зерттеліп жатыр.
Сотта айыпталушы Эльмира Төлегенова "Біз заң бұзғанымызды мойындаймыз" деді. Даулы мәлімдеме жасап, істегі куәгер ретінде өтіп жатқан IT-маман Сұңғат Өтеболатов тергеу қысымынан кейін айыпталушылардан ақша сұрағанын айтты. Ерболат Жанабылов жауап беруді бастады және Жанабылов өзіне қатысты мәлімдеме жасап, "компьютерді соңғы рет 9-сыныпта қолданғанын" айтты.
Бұған дейін Жанабылов "Бізді қылмыскер етіп көрсетті" деп, алғашқы сотта сөйлеуге дайын болмағанын жазған едік. Сонымен қатар, Ерболат Жанабылов тергеуші қысым жасағанын мәлімдеді.
Бүгін белгілі болғандай, Жанабыловтар оқырмандарының біріне көлікті тегін бермек болған.
2026 жылғы 30 наурыздағы сот отырысында блогер Нұрбек Нұртаза (лақап аты – justking31) куәлік етті. Нұрбек Нұртазаға дейін сот залында блогер Дархан Жолшыбековтен де куәгер ретінде жауап алынған еді.
Сондай-ақ, сот процесінде Жанабыловтар ісінде күтпеген жаңа деталь шықты.
Сот отырысында Жанабыловтарды үйқамақта ұстау шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Прокурор Жанабыловтар лотереяны рұқсатсыз ұйымдастырғанын мәлімдеді.
Жанабылов өзіне тағылған айыпты жартылай мойындады.