Блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды
Алматыда сот 30 наурызда ұсталған блогер Әділетхан Молдаханды қамауда ұстау мерзімін ұзартты.
Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы туралы видео жариялаған блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот ер адамға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Бұған дейін хабарланғандай, азамат М. көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұсталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде соттың санкциясымен оған екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция жалған ақпаратты тарату заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді, – деп хабарлады департаменттен.
Айта кетейік, Әділетхан Молдахан әлеуметтік желілерде Әл-Фараби даңғылындағы үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасын жариялап, ақпарат таратқан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын. Сондай-ақ күдіктіге қатысты тың дерек жарияланды.
Осы апатқа қатысты полиция қызметкерлері де тексерілетіні айтылды.
Жол апатынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, Президент тапсырмасымен ІІМ Алматыдағы жол апаты ісі бойынша жұмысты күшейтті.
Оқиғадан кейін Алматыда блогер Әділетхан Молдахан ұсталғаны хабарланды. Ол 10 тәулікке қамалды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматыдағы жантүршігерлік апат: ZEEKR иесі ауруханадан тергеу изоляторына жеткізілді.
"20 млн теңге берсең, мәселені реттеймін": Қостанай облысында бопсалаушы блогер сотталды.
Түрмедегі өмір: Перизат Қайраттың қандай жұмыс істеп жүргені белгілі болды.