Бизнестен мемлекетке түсетін салық көлемі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлікті дамыту мен инвестициялар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов мемлекеттік орган мен бизнес өкілдерінің кездесуінде айтты.

Елордада 179 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар, онда тұрғындардың 68 пайызы жұмыс істейді. Бюджетке түсетін салықтың басым бөлігі осы шағын және орта бизнес өкілдерінің төлем есебінен түсетінін атап өту маңызды. Мысалы, бірінші тоқсанда 408 млрд теңге салық түсімінің 214 млрд теңгесі ШОБ-тан түскен.  ШОБ-тың өнім мөлшері жыл санап едәуір өсіп келеді. Егер 2020 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6,6 трлн болса, 2021 жылы 8,8 трлн-ға жеткен, - деді ол. 

Корбозов атағандай, биыл ШОБ-ты дамытуға 25,7 млрд теңге қарастырылған. 

Бұл сома да жыл сайын өсіп келеді. Былтырмен салыстырғанда 65 пайызға өскен. Инвестиция тарту бойынша да қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. 2021 жылы негізгі капиталға түскен инвестиция көлемі 1 трлн 213 млн теңгені құраған. Шетелдік инвестиция 1 млрд долларды құрады, - деді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлікті дамыту мен инвестициялар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов.

Осы отырыста Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Ирак Елекеев кәсіпкерлердің жемқорлыққа қатысты ашық айта алмауын сөкті. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы