Біз үш айға созылған науқанды аяқтадық – Имашев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашев сайлауды ұйымдастыруға қатысқан әрбір азаматқа алғыс білдірді.
Бүгін біз үш айға созылған сайлау науқанын аяқтадық. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары Президенттің 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын ұйымдастыру туралы Жарлығының орындалуын қамтамасыз етті. Сайлаудың соңғы қорытындылары шығарылды, - деді ол.
ОСК төрағасы қазақстандықтарды осы маңызды мемлекеттік оқиғамен құттықтап, сайлаудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге қатысқандардың барлығына, сондай-ақ шетелдік және халықаралық бақылаушыларға алғысын білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындыларына тоқталған болатын. Ол сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижелерін де жария етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды
Өзгелердің жаңалығы