Сұлтанов: Біз шикі схемаларға "соғыс" жарияладық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы - ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің және қазақстандықтардың өмір сүру сапасының маңызды аспектілерінің бірі екенін айтты.
Сондықтан да, Сауда министрлігі құрамына Техникалық реттеу және метрология комитеті кіретін ведомство ретінде сапалы сауданың өсу индикаторларының бірі сатылатын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету жұмысын таңдады. Өкінішке орай, қазір біздің нарықта тіпті түріне қарап-ақ пайдалануға қауіп төндіруі мүмкін тауарды кездестіруге болады. Өйткені, заңнаманың жетілмегендігі барлық сертификаттау процесінде шынайылық пен ашықтықтың жоқтығына алып келді және осының салдарынан нарықта сынақтан өтпеген сертификаттардың пайда болуына жол ашты. Біз осындай шикі схемаларға "соғыс" жарияладық - деді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар министр тек осы жылдың басынан бастап ҚР аумағында ресейлік 21 сертификатты анықтап, оның қолданысын тоқтатқандарын жеткізді.
Яғни, біздің елде сәйкестігі "жалған" құжаттардың пайда болуына жол бермейміз. Қазақстандық 6428 "сұр" сертификат анықталды және кері қайтарып алдық. 10 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 7 аккредиттеу аттестатын тоқтаттық, аудитор сарапшылардың 21 аккредиттеу аттестатын қайтарып алдық. Бұл, менің ойымша, "сұр" айсбергтің басы ғана. СИМ "Техникалық реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2 заң жобасын әзірледі. Құжаттармен біз өнімге, процестерге, қызметтерге қатысты жаңа, неғұрлым қатаң саясатты қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар ерікті саладағы кәсіпкерлер үшін ойын ережелерін де анықтаймыз - деді министр.
Ол "Еріктілік" деген жазасыздықты білдіреді деп ойлайтындар арнайы тоқталды.
Қазақстан нарығындағы барлық айналым өнімдері міндетті талаптарға сай келеді. Оның 55 %-ы ЕАЭО талаптарына, 15%-ы ұлттық заңнама талаптарына және 30%-ы қауіпсіздік талаптарына сай. Бірақ, ЕАЭО-ның ортақ қауіпсіздік бойынша қабылданған Келісімінде осындай өнімнің ЕЭО-ға қатысушы елдердің аумақтарындағы айналымы ережелерін белгілеу қарастырылады. Заң жобасында біз мұны декларациялау арқылы қарастырдық. Яғни өндіруші (импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы) оның қауіпсіздігін жалпы қауіпсіздік туралы декларация шығара отырып ерікті түрде растайды. Яғни, тәуекелге барады, егер өнім зиян келтірсе, онда осы декларация -өндірушінің/импорттаушының/сатушының автоматты түрде жауапты болатынының кепілі - дейді Бақыт Сұлтанов.
Сәйкестікті бағалау мәселелері (әсіресе "сұр" сертификаттармен күресу бөлігінде) бизнестің қызығушылығын тудырды.
Алдағы уақытта "жалған құжаттың" пайда болуын болдырмау үшін, біз заңға сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларына қойылатын талаптарды енгіздік: меншік құқығында (немесе өзге де заңды негізде) сынақ базасы мен зертханалық жабдығы болу керек. Осылайша біз зерттеулері мен сынамалары жоқ "қолдан жасалған" сертификаттардың пайда болуына жол бермейміз. Сонымен қатар бірден зертханалар мен сертификаттау органдарының жауапкершілігін арттырамыз. Ең маңыздысы – біз субъектілерді бақылаудан объектілерді бақылауға көшеміз, яғни нақты өнімнің сапасын бақылай бастаймыз. Біз өнімнің үлгілерін іріктеу, оны жедел алып қою (егер, мысалы, бұл контрафактілік өнім болса немесе оның қауіптілігі анықталса) және жою рәсімін енгіземіз. Жақын арада мен Сіздерді техникалық реттеу саласындағы жаңалықтармен таныстыруды одан әрі жалғастырамын. Бұл өте маңызды және өте күрделі "алаң". Алайда, онда тәртіп орнатпай, біз өз еліміздің ішкі нарығында тауарларды сатып алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаймыз - дейді министр.