Биыл Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тек 15 пайызына ғана 5G қосылады
Бұл туралы Үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Еліміздегі ұялы телефондардың тек 10 пайызы ғана 5G-ді қоса алады. 5G желісін қосудың мәні бар ма? Неге кешігіп жатыр, - деп қойды сұрағын журналист Үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының 15 пайызы 5G-мен қамтамасыз етіледі
Біріншіден, қазіргі таңда жыл сайын 30 пайыз смартфондар жаңарып жатыр. Ал біздің есептеуіміз бойынша - 20 пайыздан астамы жаңаруда. Яғни, 5G желісі бүкіл смартфондарда ұстайды деген сөз. Екіншіден, былтыр ұйымдастыра алмадық, бірақ қазіргі таңда Алматыда 5G стансалары іске қосылды. Ал Астанада қыркүйектен бастап жылдың соңына дейін стансалар салынады. Алматы, Астана және Шымкент қалаларының 15 пайызы биыл 5G-мен қамтамасыз етіледі, - деп жауап берді Бағдат Мусин.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Цифрлық даму министрі "5G қосылса, тариф қымбаттай ма?" деген сауалға жауап берді.