Биыл 185 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов айтты.
Елімізде 203 жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Олар жұмыссыз жүрген азаматтарды тіркеу мен жұмыс табумен айналысады. Еңбек нарығына кіруге қиындығы бар мақсатты топтағы азаматтарға курстардан өтуге жәрдемдеседі. Бүгінде 185 мың адам жұмыспен қамтылды. Жұмысынан айырылу бойынша төлемді 30 мыңнан астам адам алады, - деді Дәулет Арғындықов.Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері жұмыс тәжірибесі жоқ 16 мың жас азамат оқу орындарын бітіргеннен кейін жастар практикасына жіберілді.
Біліктілігі төмен 110 мыңнан астам адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. 16 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. 14 мың жұмыссыз азамат қысқа мерзімді оқуға жіберілді. 2021 жылы Жұмыспен қамту орталықтарына барлығы 432 мың адам жүгінген. ЕРДО президенті Қазақстанда халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жаңғырту және қызмет көрсету тетіктерін жетілдіру, оның ішінде оларды электрондық форматқа көшіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол.Айта кетейік, бұған дейін вице-министр Ақмәди Сарбасов Қазақстанда 600-ге жуық кәсіби стандарт бекітілгенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 600-ге жуық кәсіби стандарт бекітілді – вице-министр
Өзгелердің жаңалығы