5 Қазан 2026, 20:18
Фото: 24kg видеосынан скриншот
Бішкек – Ош тасжолының бірден бес жерінде сел жүрді
Бішкек – Ош автожолының бірден бес учаскесінде сел жүрді. Тас жолдың бір жағы қазірдің өзінде тазартылып, қозғалысқа ашылды. Екінші жағында тазарту жұмыстары жалғасуда.
Сел трассаның 428-ші мен 441-ші шақырымдары аралығында тіркелген, деп хабарлады Қырғызстанның Көлік және коммуникациялар министрлігі.
Оқиға орнына №38 жол-пайдалану кәсіпорнының қызметкерлері мен арнайы техника жіберілді.
Жолдың бір бетін қазірдің өзінде тазартуға қол жеткізілді. Қазір көліктер бұл жол арқылы жүре алады.
Екінші жағын тазарту жұмыстары жалғасуда. Жолшылар трассаны толығымен ашу және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда 4,9 балдық жер сілкінісі болды.