Бішкек: Ақ үй өртеніп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкекте митингіге шыққандар басып кірген Ақ үй өртеніп жатыр. Ғимаратта парламент пен президент әкімшілігі отыратын, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан агенттігі.
Ақ үй өртеніп жатыр, - деп жазады агенттік Telegram каналында.
Өрт төртінші қабаттағы кабинеттердің бірінен шыққан және кейін күшейген. Жалын басқа жерлерге де жеткен.
Басылымның мәліметінше, Ақ үйге өрт сөндірушілер келген.
Өрт шыққанға дейін басып кіргендер ғимараттың кіреберісіне «күзет» қойған.
Кіреберісте олар адамдарды кіргізбей тұр... Біз бұл жерде өлсек те тұрамыз, сіздерді кіргізбейміз, - деді агенттік тілшісі тікелей эфирде.
Сондай-ақ ол Ақ үйден шыққан адамдар ештеңе ұрламауы үшін бәрін тінтіп, тексеріп жатқанын айтқан.
Еске салайық, жексенбі, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті.
7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.
Сайлау нәтижелерімен келіспеген демонстранттар Бішкекте Қырғызстан парламенті – Жогорку кенеш ғимараты мен Президент әкімшілігі қоршауынан секіріп кірмекке талпынды. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырды.
Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков ертең, 6 қазан күні парламенттік сайлауға қатысқан партия көшбасшыларымен кездесетіні хабарланды.
Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап Ақ үйге басып кірумен аяқталған.