Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысумен өтетін болды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот сотталушы Бишімбаевтың істі алқабилердің қатысуымен өткізу туралы өтінішін қанағаттандыруы керек деп санайды... Басты сот талқылауы 2024 жылғы 27 наурыз сағат 10.00-да өтсін, - деді судья Айжан Құлбаева Астана өткен сот отырысында.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Салтанат Нүкенованың дене жарақатынан қаза болғанын айтты.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова мен Бишімбаевтың хаттары туралы айтты.

Бұған дейін Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Прокурор Бишімбаевтың Нүкеновамен қалай танысқанын айтып берген болатын.

Бишімбаев Салтанат Нүкенованы психикалық азапқа салып, адамдық қадір-қасиетін қорлаған. Прокурор Бишімбаевпен Нүкенова үйленіп, бірге тұра бастаған кезде Қуандық Бишімбаев ашушаң, агрессивті, өзімшіл бола бастаған. Ол Салтанат Нүкенованың пікірін ескермеген. Онымен қоса, Бишімбаев Нүкеноваға туыстары мен құрбыларымен кездесуге, сөйлесуге тыйым салған. Бүкіл телефон хабарламалары мен СМС хабаларды бақылап отырған. Салтанат Нүкенованың табыс алып келіп отырған ісіне тыйым салған.

Прокурор Айжан Аймағанова айтуынша, Салтанат Нүкенова Бишімбаевтан бірнеше рет кетуге тырысқан, алайда Бишімбаев түзелетінін айтып сендірген.

Сондай-ақ экс-министр Салтанат Нүкенованы порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлегені белгілі болды. Алайда кешегі сот отырысында Бишімбаев кінәсін мойындамады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы