"Бишімбаев үш рет қана ұрған". Қорғаушы былай түсіндірді

Бишімбаевтың адвокаттары сотталушыға тағылған "Азаптау" бабы бойынша айыпты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, сотталушы Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бабы бойынша айып тағылған.

Адвокат Лейла Рамазанова адаммен ұрысу азаптауға жатпайтынын айтады.

Сіздер ешқашан өз жақындарыңызбен, туған-туыстарыңызбен ұрсысып көрмедіңіздер ме? Осы процеске қатысушы прокурордың ойынша, егер біреумен ұрсысып қалсаңыз болды, азаптаушы болып шыға келуіңіз мүмкін , – деді Бишімбаевтың қорғаушысы.

Ал, Бишімбаевтың тағы бір қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов былай деді.

Азаптау – жүйелі түрде ұру. Бірақ некеде бір жылда үш оқиға болған, сонда ол жүйелі ұру ма? Олар бірге серуендеп, демалған. Қалаған жеріне барып, қымбат әшекей тағып, киімдер киген. Бірақ үш рет жанжалдасып қалған. Бұл жүйелі түрде ұру ма?! Енді жылына үш жанжал болды деп әр отағасына 4 жылдан 7 жылға берейік, – деді заңгер Ерлан Ғазымжанов.

Бұған дейін Ерлан Ғазымжанов Бишімбаев Нүкенованы қасақана өлтірмегенін айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы