Бишімбаев ісі. Сотта VIP бөлмеден табылған скотч туралы айтылды

Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қаралып жатыр. Іс материалдарын қарау кезінде жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

№1 VIP бөлмеден табылған заттарға зерттеу жүргізілген. Адвокат Назкен Құсайынова онда саусақ іздерінің болғанын айтады. Бөлмеден скочт табылған. Осыған қатысты айыптаушы тарап Қуандық Бишімбаевқа сұрақ қойды. Ал Бишімбаев скочты көрмегенін айтып, "бәлкім жұмысшылар тастап кеткен шығар" деп түсіндірді.

Алайда сараптама скоч беттерінен Қуандық Бишімбаевтың да, Бақытжан Байжановтың да саусақ іздерін көрсетті.

Одан бөлек, адвокат Игорь Вранчев марқұм Салтанат Нүкенованың саусақ іздері табылмағаны біртүрлі жағдай екенін айтады. Ол айыпталушыдан "VIP-1-де оның саусақ іздерін және басқа да іздерді нашатырьмен кетірген жоқсыз ба?" деп сұрағын нақтылады.

Мен нашатырьды қалай қолдану керегін де білмеймін, маған Байжанов көрсетті, - деді Бишімбаев.

Бұған дейін судья Айжан Құлбаева Бишімбаев тарапының өтінішін қанағаттандырмады.

Сондай-ақ кеше Астана өткен сотта экс-министрдің анасы сөз сөйлеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы