Біреу жұмыс береді деп күтудің қажеті жоқ. Дүйсенова жастарға үндеу жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
Мысалы, ERG компаниясы жылдың соңына дейін 2 мың бос жұмыс орнына жастарды шақырып жатыр. 1320 вакансияға 3500 түйіндеме берілді. 29 маусымда ол аяқталды. Оның нәтижесін шығарамыз. Осындай мекемелердің барлығы жастарды жұмысқа шақырды. Жастар, барлығыңыз электронды биржаға кіріңіздер. Бүгінгі таңда 70 мыңға жуық бос жұмыс орны тұр. Кіріп, көріп, соның ішінен таңдап алуға болады. Маған біреу жұмыс береді екен деп күтудің қажеті жоқ. Біз 27-29 маусымда жәрмеңкені ұйымдастырдық. Себебі кеше бітірген жастар келіп жатыр. «Самұрық-Қазына» да қатысып жатыр, - деді ол.
Дүйсенова атап өткендей, жастар бойынша жұмыссыздарды қарайтын болсақ, ең ірі үш мегаполисте жұмыссыздар көп.
Оның себебі барлық өңірдің жастары осы үш мегаполиске (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент-авт.) жиналады, - деді ол.
Осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова базалық зейнетақылардың параметрлерін өзгерту мен зейнеткерлердің жасын төмендетуге қатысты пікірін айтқан еді.