«Бір рет кешіруге болады». Сарым журналистерді жануарға теңеген әріптесі туралы
Дер кезінде қателігін түсініп, кешірім сұраса бір рет кешіруге болады. Айдос Сарым журналистерге жануарға теңеп, басы дауға қалған депутат Самат Нұртазаға қатысты ойын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Әр депутат пен әр саясаткер өмірінде бір рет қателесуге қақысы бар шығар. Егер кешірім сұраса, кешіруге болады. Мен мұны өзімнің де басымнан өткен адам ретінде айтып отырмын. Егер ол дер кезінде қателігін мойындап, айыбын жуып, кешірім сұраса біржолға кешіріммен қараған дұрыс, - деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.
Еске салайық, бүгін таңертең Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза журналистерді «қолтырауынға» теңеп, әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Алайда, кейін жазбасын өшіріп тастаған. Ол осы пікірінің орынсыз болғанын айтып, журналистерден кешірім сұрады.
Сонымен қатар Айдос Сарым Қазақстан-Қытай арасындағы визасыз режимге қатысты сұхбат берген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ташкентте қазақ боксшы екінші қарсыласын нокаутқа түсірді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы