Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымында атқарған көп жылғы жемісті еңбегі үшін Берік Имашевқа алғыс білдірді, -делінген жазбада.

Берік Имашев 1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1982 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі:

1982 - 1992 жж. - Фрунзе ауданы прокуратурасының тағылымгері, тергеушісі, көліктегі заңдарды орындау жөніндегі бөлімнің прокуроры, Қазақ ССР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, Алматы қаласы Мәскеу ауданының прокуроры;

1992 - 1993 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығы;

1993 - 1994 жж. - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары;

1994 - 1995 жж. - «Казкоммерцбанк» АБ басқармасы төрағасының орынбасары;

10.1995 - 09.1996 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары - Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің директоры;

09.1996 - 04.1997 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары - Салық полициясы басқармасының бастығы;

1997 -1998 жж. - «Имашев және әріптестер» заң фирмасының директоры;

04.1998 - 10.1999 жж. - Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Президентінің шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі;

11.1999 - 12.2000 жж. - Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, «Имаш» адвокаттық кеңсесінің директоры, Астана қаласы адвокаттар алқасының төралқа төрағасының орынбасары;

12.2000 - 11.2001 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы (Үкімет мүшесі);

11.2001 - 07.2003 жж. - Астана қаласы адвокаттар алқасының мүшесі;

09.2002 - 07.2003 жж. - «Мұнайконсалтинг» ЖАҚ президенті;

06.2003 - 05.2005 жж. - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;

05.2005 - 10.2005 жж. - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасының төрағасы;

10.2005 - 01.2007 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

01.2007 - 02.2008 жж. - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

02.2008 - 08.2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

08.2008 - 01.2012 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;

01.2012 - 09.2016 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрі;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 327 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 658 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.

Отбасы жағдайы:

үйленген, үш баласы, төрт немересі бар.

Наградалары:

«Құрмет» ордені (2005 ж.), «Парасат» ордені (2011 ж.);

«Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008 ж.), «Адвокатураны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2014 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.);

Ю. Семенов атындағы Халықаралық қордың «Детектив және саясат» сыйлығының лауреаты (1990 ж.);

Петербург халықаралық заң форумының "Еуразия кеңістігінде құқықтық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін" сыйлығының лауреаты (2015 ж.);

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы