12 Қазан 2026, 15:26 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бельгия Королі мен Патшайымы Ақордадан Астананы тамашалады

Король Филипп пен Патшайым Матильда Астананың әсем көрінісін Ақордадан тамашалады. Мәртебелі меймандар елордада тағы қандай әсер алды?

Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Астананың ажарын Ақордадан тамашалады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін Король мен Патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.

Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді. 

Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті. Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Бүгін Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік Туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Қазақстан мен Бельгия арасындағы ықпалдастықтың жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев Бельгия Королімен келіссөз жүргізді: Қазақстанға қандай мүмкіндік ашылады?