Бектенов ресми түрде Премьер-министр атанды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген құжатта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Үкімет басшылығына ұсынылған Олжас Бектеновтың кандидатурасымен келісті. 

Сонымен қоса жаңа Премьер-министр туралы тың ақпаратпен бөлістік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы