Бекшин алматылықтарды Құрбан айт мерекесінде бұқаралық шараға қатыспауға шақырды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты қаланың Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мерекесінде іс-шаралардың шектелгені туралы айтты.

Оның айтуынша, шектеу шараларының барлығы коронавирустың таралуын болдырмау үшін жасалып жатыр. Өйткені өткен тәулікте қауіпті індетті жұқтырған 885 жаңа жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 2200-ден астам қала тұрғыны болса, соның ішінде 180-нен астамы бала екен. Осыған байланысты Алматының бас санитарлық дәрігері көпшілік жиналатын іс-шараларды, соның ішінде Айт намазын өткізуге тыйым салған.

Брифинг барысында Жандарбек Бекшин азаматтардан бұл шараларға түсіністікпен қарауды сұрады, өйткені мегаполистегі жаңа «дельта» штамының дерті мен айналымы халықтың денсаулығына қауіп төндіреді. Талаптарды елемеу вирусты жұқтырғандар санының көбеюіне әкелуі мүмкін.

Өткен аптамен алдыңғы кезді салыстырғанда, отбасыларда КВИ жұқтыру деңгейі 9%-ға, туыстарымен, көршілерімен, достарымен байланыс кезінде 0,2%-ға төмендеді. Бұл отбасыларда вакциналанған мүшелердің айтарлықтай өсуі. Бұл ретте сауда нысандарында жұқтырудың 31%-дық жоғары деңгейі байқалады. Өткен аптада 0,5%-ға өсумен, супер-гипермаркеттерде 2,2%-ға және орамішілік азық-түлік дүкендерінде 1%-ға және азық-түлік емес дүкендерде 0,5%-ы құрады. Асханаларда жұқтыру 0,4%-ға, монша мен сауналарда 0,9%-ға, Ashyk жобасына қатысушы нысандарында 0,5%-ға және қала маңы аймағына бару кезінде 0,2%-ға артқаны байқалады, – деді Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин «Балаларға вакцина қашан салынады?» деген сұраққа жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы