Ұшақ апаты: 7 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдын ала мәлімет бойынша 7 адам қаза тапты.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екіқабатты ғимаратқа құлады. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ.
Бек Эйр ұшағы бүгін таңертең сағат 7.05-те Алматыдан ұшып кеткен. Бірақ бірден радардан жоғалған.Бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк Эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адамды құрайды. ҚР премьер-министрінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Оқиға мән-жайын анықтағанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған, - делінген хабарламада.
Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Bek Air ұшағы Қызыл ту ауылына құлаған
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы