Базарларда дірдектеп, саудамен айналысып жүрген қыздарымыз өмірге қандай ұрпақ әкеледі? – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен парламенттік тыңдау кезінде сенатор Нұртөре Жүсіп ұлтымыздың тағдыры қыздарымыздың қолында екенін айтып, оларды жұмыспен қамтуға қатысты жаңа жоба әзірлеуді ұсынды.

Ол қыз-келіншектерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әсіресе жеңіл өнеркәсіп саласында кешенді бағдарлама әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Ұлтымыздың тағдыры біздің қыздарымыздың қолында тұр. Аналарымыз әлі базарда жүр. Сұп-суық базарларда дірдектеп, саудамен айналысып жүрген қыздарымыз өмірге қандай ұрпақ әкеледі? - деді сенатар Нұртөре Жүсіп.

Айта кетейік, 2022 жылдың басынан бастап Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін ұсыну жөніндегі пилоттық жобаға жұмыс іздеп жүрген 157 мыңнан аса адам тіркелген. Оның ішінде 141 мыңнан аса адам жұмыссыз мәртебесін алды.

Бұған дейін Үкімет 2025 жылға дейін Халықтың табысын арттыру бағдарламасын бекіткенін хабарлаған болатынбыз. Бағдарламаға сәйкес елімізде шамамен 2 млн-дай жаңа жұмыс орны ашылады.

Еске сала кетейік, бүгін Сенатта «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтіп жатыр.

Бұған дейін Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ауылдық және қалалық мектептерде білім сапасында алшақтық барын айтқан болатын.

Сонымен қатар парламенттік тыңдауда еліміздегі жастардың тұрғын үй мәселесі де талқыланды.

Онымен қоса, депутат Нұртөре Жүсіп жастардың білімі мен мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мәселесін көтерген болатын.

Сондай-ақ жастардың жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын басқа да өңірлерде ашу керегін ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы