24 Тамыз 2026, 14:27 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

«Байтақ» партиясы халықтың таңдауына құрметпен қарайды – Азаматхан Әміртаев

Құрылтай сайлауына қатысты «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев мәлімдеме жасады. Ол партияның ұстанымын айтып, халыққа алғыс білдірді.

«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Құрылтай сайлауының ресми қорытындысын мойындайтынын мәлімдеді.

Қазіргі таңда азаматтардың ерік білдіруіне күмән келтіруге негіз болатын расталған деректер менде жоқ. «Байтақ» партиясы Қазақстан халқының таңдауына құрметпен қарайды және заңда белгіленген тәртіппен анықталған сайлаудың ресми қорытындысын негізге алады, – деді Азаматхан Әміртаев.

Партия төрағасы сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасаған барлық қазақстандыққа алғыс айтты.

Оның айтуынша, партия сайлау қорытындысына қатысты өз ұстанымын ресми түрде белгіленген нәтижелер негізінде қалыптастырады.

Еске салсақ, бқған дейін «Байтақ» партиясы сайлау нәтижелерін мойындады.