26 Тамыз 2026, 19:26 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Байқоңырда алты адам әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырды

Байқоңырда атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу фактілері анықталды. Алты адам өздерінің нақты табыстары туралы мәліметтерді жасырып, мемлекеттік бюджеттен төлем алған, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Бұзушылықтар атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу барысында табылды.

Прокуратура мәліметінше, жалған мәліметтер ұсынудың салдарынан азаматтарға 2,6 млн теңге артық төленген.

Прокуратураның араласуынан кейін қаражаттың бір бөлігін қайтаруға қол жеткізілді. Екі алушыдан мемлекет кірісіне 553 233 теңге өндіріп алынды.

Қалған төрт азаматтан негізсіз алынған қаражатты сот арқылы өндіріп алу жоспарлануда.

Прокуратура мемлекеттік әлеуметтік қолдауды тағайындау мен пайдаланудың заңдылығы бақылауда болатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі жеңілдетілгені хабарланды

Тағы оқи отырыңыз: 

Атаулы әлеуметтік көмек: Кімдер алады және қалай өтініш беруге болады?

2026 жылғы атаулы әлеуметтік көмек: 50 мыңнан астам балаға қосымша төлем тағайындалды

Қазақстанда QR-төлемдер POS-терминалдар арқылы картамен төлеуден озып кетті