Байден коронавирусқа қарсы екпе салдырды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық процедураны америкалық бұқаралық ақпарат құралдары тікелей эфирде жүргізді.

Делавэрдегі Ньюарк ауруханасында АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденге Pfizer және BioNTech вакциналарының алғашқы дозасы егілді. Бірнеше аптадан кейін вакцинаны қайталау керек. Вакцинация процесін 21 желтоқсанда CNN телеарнасы жүргізді.

Инъекциядан кейін Байден медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Мен мұны адамдарға вакцина қол жетімді болғаннан кейін вакцинациядан өтуге дайын болу керектігін көрсету үшін жасадым, - деді Байден. 

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дженнифер Псакидің айтуынша, сайланған вице-президент Камала Харрис және оның күйеуі Дуглас Эмхоф келесі аптада вакцинацияланады.

Бұған дейін АҚШ-та COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 14 желтоқсанда басталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы