Басынан қан кетіп, есінен танып қалған: Шымкентте полицейлер ауыр жарақат алған балаға көмек көрсетті
Полиция қызметкерлері жарақаттанған баланы қалалық балалар ауруханасына жедел жеткізді.
Шымкентте басы жарақаттанып, есінен танып қалған балаға полиция қызметкерлері көмектесті.
Шымкент қаласында ер адам патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне, қызмет атқару барысында полиция аға лейтенанттары Тойшыбек Айдос пен Уалихан Айдынға қиналып тұрғанын айтқан.
Балам басынан ауыр жарақаттанып, қан кетіп жатыр. Бірнеше секундқа есін жиып, қайтадан есінен танып қалды. Көмектесіңіздерші, - деп баланың әкесі құқық қорғаушылардан көмек сұраған.
Жағдайдың шұғылдығын түсінген полицейлер уақыт жоғалтпай, баланы қызметтік көлікке отырғызып, қалалық балалар ауруханасына жедел жеткізді.
Дәрігерлерге тапсырылғанға дейін полиция қызметкерлері баланың қауіпсіздігіне барынша назар аударып, қажетті көмекті ұйымдастырды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда 10-қабаттың терезе жақтауында тұрған бала құтқарылды.
Сонымен қатар, демалыста жүрген полицей өртеніп жатқан пәтерден 5 баланы алып шықты.
Тағы оқи отырыңыз:
Жезқазғанда құтқарушылар өрт ішінен ер адамды алып шықты
Астанада Есіл өзеніне секірген әйел құтқарылды
Алакөлде жағадан 11 шақырым қашықтықта қалған алты адам құтқарылды