"Басына соққы жасалған". Сарапшы Нүкенованың қалай жарақат алғанын көрсетті
Бишімбаевтың сотында Нүкенованың денесіне жасалған жарақаттар манекен арқылы көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаровтың айтуынша, өлім себебін айтқан кезде аталған жарақаттардың бәрін қарастыру қажет.
Сызып көрсетілгеннің бәрі бас жарақаттарына жатады. Яғни онда бассүйегі мен бетіндегі іздер кіреді. Көкпен боялғандар - көгерген жерлер, ал қызыл түстілері жаралары. Сот медицинасы мұны сыртқы әсердің кесірінен болған зақымдану ретінде қарастырады. Яғни бұл зақым жәбірленушінің миына зақым әкеледі, - деді Тахир Халимназаров.
Сарапшы қорытынды сөзінде былай деді:
Қарапайым тілмей айтсақ, бұл басқа жасалған соққы. Есі бар адам мұндай жарақат алмайды. Мәселен, құлаған адамның өзі инстиктивті түрде басын қорғайды. Иә, үлкен жерде, жерге құлаған адам басын қорғай алмай қалуы мүмкін. Ал тегіс жерде бұлай құлап зақым алмайды, - деді сарапшы.
Судья сарапшыдан "соққылардан кейін қылқындырған ба?" деп сұрады. Халиназаров "иә" деп жауап берді.
Бұған дейін сотта Bau қызметкерлерінің хаты оқылды. Сөз арасында ол "әйелі тірі деп үміттенемін" деп жазған.