Бүгiн 2026, 11:41 Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

«Басты басымдық – болашақ Құрылтайдың кәсібилігі»: Айбек Құмызбеков Respublica съезіне баға берді

Саясаттанушының айтуынша, Астанада өтіп жатқан партия съезінде Құрылтайдың кәсіби құрамын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Астанада өтіп жатқан Respublica партиясының кезектен тыс V съезіне 600-ге жуық адам қатысып жатыр. Бұл туралы партияның орталық аппаратының кеңесшісі Айбек Күмісбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Оның айтуынша, съездің бағдарламасы мен партиялық тізімдер алдын ала өңірлерде облыстық кеңестер мен филиал мүшелерінің қатысуымен жан-жақты талқыланған. Негізгі басымдық болашақ Құрылтайдың кәсіби құрамын қалыптастыруға берілген.

«із үшін Respublica партиясының 2023 жылғыдай елдің саяси өміріне жаңа серпін берген саяси күш ретінде 2026 жылы да жаңа тұлғалардың, тың идеялар мен тиімді шешімдердің партиясы болып қала беретінін көрсету өте маңызды. Еліміздің одан әрі дамуына үлес қосатын жаңа буынды қалыптастыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар барлық партияның ішінде алғашқы болып съез өткізіп отырғанымыз бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деді Айбек Күмісбеков.

Спикердің айтуынша, съезге Қазақстанның барлық өңірінен онлайн және офлайн форматта шамамен 600 адам қатысып жатыр. Оның пікірінше, бұл Respublica партиясының саяси институт ретінде қалыптасқанын және ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтарды біріктіре алғанын көрсетеді.

Еске салайық, елордада Respublica партиясының  кезектен тыс съезі өтіп жатыр.