Басқа діндерге құрметсіздік пен жеккөрушілік болмауы керек – Әбдірахман Мұса

Мысыр шейх әл-Азһар кеңсесінің басшысы Әбдірахман Мұса Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында басқа діндерге құрметсіздік пен жеккөрушілік болмауы керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әбдірахман Мұса Қазақстан Президентіне съездің осынау игі конференциясын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

Біз Қазақстан үкіметінің конфессиялар арасындағы диалогты қалай қолдайтынына әрқашан куәміз, біз басқа діндермен диалог бейбітшілік пен қауіпсіздіктің, гуманизм мен адамгершіліктің негізі деп санаймыз, - деді ол.

Кез келген дін құндылығының мәні – бірін-бірі түсіну, сыйластық.

Бүгінде адамзат бетпе-бет келіп отырған және үнемі өсіп келе жатқан қиындықтар, бүкіл әлемде болып жатқан қақтығыстар барлық діни көшбасшылардың бірігуі, бірін-бірі қолдауы және барлық өзекті мәселелерге бірлесіп қарсы тұруы қажет екендігінің дәлелі. Қазіргі өркениетте барлық адамзат жоғары құндылықтар жолында бірігуі керек, - деп айтты Әбдірахман Мұса.

Сондай-ақ ол қазір өзге діндерге деген өшпенділік белең алып бара жатқанына да тоқталды. Бұл - бүкіл адамзаттың проблемасы.

Мен кез келген шешім қабылдағанда адамгершілік құндылықтарды жоғары қоюға шақырамын. Бұл шешімдерде басқа діндерге құрметсіздік пен жеккөрушілік болмауы керек, - деп түсіндірді Әбдірахман Мұса дін лидерлерінің отырысында.

Еске сала кетейік, Астанада алғаш рет Жас діни лидерлер форумы өтетіні туралы осыған дейін жазғанбыз. Сьезде Әшімбаев жасанды интеллектінің тәуекелдерін атады. Бүгінгі таңда әлем поликризис жағдайында екені де айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы