Бәсекелестікті дамыту туралы ұлттық жоба қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин дөңгелек үстел барысында айтты.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бәсекелестік саясатты дамыту саласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылдың соңында «Бәсекелестікті дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары» туралы Жарлығы маңызды рөл атқарады. Бұл салаға жаңа міндеттер жүктеген құжат. 

Осының негізінде бәсекелестікті қорғау жалпы ұлттық міндетке айналды. Жарлыққа орай агенттікте Бәсекелестікті дамыту туралы ұлттық жоба қабылданады. Ұлттық жобалар институты жаңартылған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сай кіріктірілуде. Оның негізгі ерекшелегі жалпыұлттық стратегиялық маңызға ие құжат болуында, - деді ол. 

Жұманғаринның айтуынша, мұнда бәсекелестікті қорғау механизмі мен оны жүзеге асыру, бәсекелестікті қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталып, жобалық басқарманың принциптеріне сай болады. Осылайша агенттік Ұлттық жоба шеңберінде бәсекелестіктің салалық функцияларын қарастырады. Оған барлық мемлекеттік, квазимемлекеттік орган мен әкімдік және басымдық рөл атқаратын кәсіпорындар тартылады. 

Оны жасау барысында халықаралық әріптестеріміздің тәжірибесін де зерттедік. Еуропалық мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, қазір олар антитрастқа басымдық беруде. Ал біз бүгінде бәсекелестікті қорғау мен дамытуға назар аударып отырмыз. Осының негізінде кәсіпкерлікпен айналысудың мүмкіндігі кеңейтіліп, стимул беру мақсаты қойылған. Біздің жобалық мақсатымыз шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырды, - деді ол.
Бұған дейін антимонополиялық орган Кедергілермен күрес кеңесін құрғаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы