23 Қыркүйек 2026, 20:30 Фото: https://www.threads.com/@mihaqazaqstanskiy/post

«Бақыт ақшада емес»: Банкоматтан шыққан жазуы бар теңге талқыға түсті

Қазақстандықтар банкоматтан шыққан жазуы бар банкнот туралы түрлі пікір жазуда. 10 мың теңгелік купюрадағы жазба Қазақстанның әлеуметтік желілерінде тарап кетті.

10 мың теңгелік ерекше банкнот әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Threads-тегі жазба авторы оны банкоматтан алғанын айтады. 

Купюраға қолмен: «Не обижайте родных ради этой бумаги, счастье не в деньгах!» («Осы қағаз үшін жақындарыңызды ренжітпеңіздер, бақыт ақшада емес!») деп жазылған. Жарияланған суретке қарағанда, жазба банкноттың біраз бөлігін қамтыған.

Осы жарияланым желіде қызу талқыға түсті. Қолданушылардың бірі хат авторының шын мәнінде купюраны бүлдіргеніне назар аударды. Жазба 30 мыңға жуық «лайк» жинаған.

Ұлттық банк не дейді?

Бөгде жазбаның болуы шынымен де банкноттың санатқа бөлінуіне әсер етеді. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының төлемге жарамдылығын айқындау ережелеріне сәйкес, бөгде жазбалары бар купюралар тозған банкноттарға жатады.

Алайда, жазбаның өзі ақшаның құнын толық жоғалтқанын білдірмейді. Белгіленген өлшемінің кемінде 70 пайызын сақтап қалған, номиналы көрінетін және зақымдануы оның түпнұсқалығын анықтауға кедергі келтірмейтін түпнұсқа банкноттар төлемге жарамды болып саналады.

Ұлттық банк төлемге жарамды тозған банкноттарды номиналды құны бойынша айырбастауға болатынын түсіндіреді. Мұны екінші деңгейлі банктерде, Ұлттық банктің филиалдарында және «Қазпошта» бөлімшелерінде айырбастауға болады.

Егер купюра өз аумағының кемінде 70 пайызын сақтап қалса және оның түпнұсқалығын анықтау мүмкін болса, ол айналымға жарамды банкнотқа айырбастауға жатады.

Ұлттық банк филиалдары зақымдалған төлем құралдарын тегін және сомасына шектеу қоймай айырбастайды. Екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі ережелеріне сәйкес комиссия белгілей алады.

Ал егер банкноттың 50 пайыздан астамы сақталып, бірақ зақымдануы оның түпнұсқалығын анықтауды қиындатса, оны күмәнді ретінде қабылдап, сараптамаға жібере алады. Түпнұсқалығы расталғаннан кейін мұндай купюра жарамдысына айырбасталады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ескі 10 000 теңгелік банкноттар қай уақытқа дейін қолданылатыны белгілі болды

Тағы оқи отырыңыз: 

Жаңа 500 теңге: Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады

"Қолдан жасалған": Шынайы ақшаны жалған ақшадан ажырата аласыз ба?

 
Посмотреть в Threads