БАҚ туралы заң. Жоба бірнеше сатыда талқыға түседі

Бұл туралы АҚДМ БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Жасұлан Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Пресс-карта аясында журналистерге кепілдіктер мен жеңілдіктер беру жоспарланып отыр. Қазір Қаржы министрлігімен келіссөздер жүргізілуде. Ертең нәтижелері шыққан соң нақты айтамыз. Баспасөз картасына қатысты өзгертулер енгіздік. Комиссия құрамына тек сала мамандары кіреді. Мұның барлығын келесі аптада көрсетеміз. Сұрақтардың барлығы ерекше жағдайлар мен пресс-карта төңірегінде ғана болып отыр. Мәселен, газетті, қағаз сатып алуды, типографиялық қызметін субсидиялауды ұсындық. Мемлекеттік тапсырысты алып тастасақ, ертең бәрі ашық болады деп күтілуде, - деп атап өтті департамент басшысы «Ашық алаң» бағдарламасына берген сұхбатында.

Айтуынша, заңдағы баптарды жұмыс тобының мүшелері ұсынған. 

Оны біз жазған жоқпыз, диалог ретінде сіздер көрсін деп алып шықтық. Қарсылықтар болса, қоғам оны қабылдамайды. Регламент бойынша қаңтарда (заңға қатысты – ред.) тұжырымдама жарияланды. Оны талқыладық. Сосын ведомствоаралық комиссия өтті. Содан кейін заң жобасы жарияланып, қазір талқылаудамыз. Өзгерістер енгізілген соң екінші нұсқасын көрсетеміз. Екінші нұсқаға сіздер (комиссия – ред.) келіскеннен кейін құқықтық, экономикалық, шетелдік, мысалы, ЕҚЫҰ-ға сараптамаға жібереміз. Одан кейін лингвистикалық сараптамадан өтеді. Мемлекеттік органдармен: Ұлттық экономика, Әділет, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері өз құзыреті аясында қарастыруы керек. Осы жұмыстардан кейін Үкімет Парламентке енгізеді. Ол жерде талқылау болады, - деді Жасұлан Өмірәлиев.  

Айта кетейік, бұған дейін блогерлер сайлау туралы сауалнама өткізсе, жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы