Банкротқа ұшыраған компанияның қызметкерлері тиісті төлемдерін ала алмай жүр

Бұл туралы депутат Бекболат Орынбеков Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, банкротқа ұшыраған «Қаратау» АҚ кәсіпорнының қызметкерлері заңға сәйкес тиісті төлемдерін 20 жылдан астам уақыт бойы ала алмай жүр. 

Жүргізілген индекстеу есептері әрбір кредиторға 3 443 теңгеден бастап 58 171 теңгеге дейін құрады. Бірақ регресшілер бұған қарсы. Келіспеушіліктің негіздемесі ретінде кредиторлар көрсетілген кезеңде ең төменгі жалақы мөлшерімен қоса, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да күнделікті тұтынатын тауар бағасының өсуі деген дәлелдер келтіреді. Осыған байланысты, аталған жағдайды жан-жақты талқылап, мәселенің заңды шешімін табуға ықпал етулеріңізді сұраймын, - деді Бекболат Орынбеков Үкімет басшысы мен Бас прокурордың атына жолдаған депутаттық сауалында. 

Белгілі болғандай, кәсіпорынның Жамбыл облыстық сотының шешімімен 20 жыл бұрын банкрот деп танылған. Алайда, тау-кен өндірісінің бұрынғы қызметкерлерін тиісті төлемдермен қамтамасыз ету мәселесі әлі де шешілмеген. Бұл мәселе салалық мемлекеттік органдарда, оның ішінде арнайы құрылған үкіметтік комиссия отырысында және сот органдарында бірнеше рет қаралған.

Еске сала кетейік, бұған дейін сенатор Нұртөре Жүсіп смартфонды ұзақ ұстаған бала цифрлық аутизм дертіне ұшырауы мүмкіндігін айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы